Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төленбейтін болды

Oinet.kz 21-10-2020 747

ҚР денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Марат Шоранов онлайн-брифинг барысында дәрігерлерге жұмыс барысында коронавирус жұқтырғаны үшін қаражат төленбейтінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған қытайлық дәрігерлер оны қалай жеңіп шықты  - elorda.info

Вице-министр жаңа шешім туралы айтып берді. Енді дәрігерлер қауіпті аймақта жүргені үшін ғана өтемақы ала алады. 

- "20 қазаннан бастап қазіргі уақытта жасалған барлық жағдайларды ескере отырып, медициналық қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер алуға өтініштерді қабылдау тоқтатылды. Қалған 5% немесе 421 медициналық қызметкерге бір реттік төлемдер қазір аймақтық комиссиялар деңгейінде тіркеу сатысында және олар ақпараттық жүйеге енгізілген", - дейді ол.

Ондай дәрігерлер бойынша төлемдер апта соңына дейін, яғни, 23 қазанға дейін төленеді.

- "Қазан айына дейін тіркелген жағдайларға ғана төленетін болады. Қазаннан кейін тек қана жұқтыру қаупі жоғары болғаны үшін ғана 3 деңгей бойынша қосымша қаражат төлейміз. Бұл жағдайлар басқа инфекциялар сияқты аурухана ішілік вирус ретінде тіркеледі", - дейді Шоранов.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізу үшін қажетті қаржы белгіленді
Үшжақты комиссияның 9 ай бойынша есебі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу