WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болады
WhatsApp мессенджерінде қолданушылардың жеке деректеріне байланысты жаңа функция пайда болады, деп хабарлайды Oinet.kz WABetaInfo порталына сілтеме жасап.

Мәселе адамның бетін адамның түрін анықтауға байланысты. Бағдарламаның Android операциялық жүйесіндегі бета-нұсқаларының бірінде адамның бет-әлпеті сканерленетіні айтылған. Функция бұған дейін тек iOS-та қолжетімді болған.
Алайда қарапайым қолданушыларға бұл функция қашан қолжетімді болатыны белгісіз. Мессенджерді бұғаттаудың бұл түрі көптеген Android қолданушысына iPhone-дағыдай қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуі де мүмкін: фронталды камерадағы Face Unlock-тан басқа сурет немесе ұқсас адамды көрсетіп шығып кетуге болады.


