Дәрілер дәрігердің рецептісіз босатылмауы керек

Oinet.kz 28-10-2020 661

ҚР ДСМ 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 16-тармағына сәйкес дәрігердің рецептілері бойынша босатуға жататын дәрілік заттар рецептісіз өткізуге жатпайды.

densaulyk-foto-belive.ru-saytynan.jpg

Қазақстан Республикасында рецептілік дәрілік заттарды дәрігердің рецептісіз сатуға тыйым салу халықтың денсаулығына зиян келтіретін және өмірге қауіп төндіретін дәрілерді қолдануын бақылау үшін белгіленген.

Дәрі-дәрмектерді рецепт бойынша сату талаптарын сақтамау көбінесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайларға әкеледі.

Дәрігердің рецепті бойынша сатылатын дәрілік заттардың тізіміне: микробқа қарсы және гормондық препараттар; құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік заттар; жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған медициналық препараттар; асқазан-ішек жолдарының ауруларын емдеуге арналған дәрілік заттар және т. б. кіреді.

Осы ретте, дәрігердің рецептісіз босатылады: дәрумендер, мұрын тамшылары, сироптар, шөп шайлары мен дәрі-дәрмектер, кейбір суыққа қарсы және ауырсынуды басатын дәрілер.

Рецептілік дәрілік заттарды босату ережелерін бұзғаны үшін ҚР 5.07.2014 жылғы № 235-V ҚРЗ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 426 – бабының 1 – бөлігі бойынша жеке тұлғаларға 70 АЕК мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 130 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Депутаттар Асқар Маминге дәрігерлер үстемақысына қатысты маңызды ұсыныс айтты
Елде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу