Тоқаев халықаралық қоғамдастықты терроризммен күресте күш біріктіруге шақырды

Oinet.kz 04-11-2020 665

Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек. Бұл туралы Twitter-де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды, деп хабарлайды Oinet.kz.

ҚР Президенті халықаралық қоғамдастықты терроризммен күресте күш біріктіруге шақырды

- Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек, - деді Мемлекет басшысы. Еске салайық, 2 қараша күні Аустрия астанасы Венаның әртүрлі аумағында лаңкестік шабуылдар жасалды. Қаскөйлердің бірін полиция атып өлтірді, сыбайластары іздестірілуде. Полиция мәліметінше, шабуыл алты жерде, соның ішінде қала орталығындағы синагогаға жақын аумақта, еврей орталығы мен мейрамхана жанында болды. Қазақстанның Аустриядағы елшілігінің алдын ала ақпаратына сәйкес, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында ҚР азаматтары жоқ.

Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді
Бүгін Міржақып Дулатовтың қызының туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу