Атырауда мұнай-кен орындары сатылымға шығарылды (видео)

Oinet.kz 04-11-2020 788

Энергетика министрілігі Атырау облысындағы 10 кен орнын алғаш рет электрондық аукционға шығарды, деп хабарлайды Астана  арнасы. 

image.png

Қойны қара алтынға толы аумақтарды қазақстандықтармен қатар, шетелдіктер де ғаламтор арқылы ашық сатып ала алады. Ең арзан кен орнының құны - 4 млн АҚШ доллары. Ал инвестицияны қажет ететін Сарайшық учаскесі 57 млн-ға, Забурунье учаскесі 63 млн шетелдік валютаға бағаланыпты. 

- Жеке инвестор болсын, қазақстандық немесе шетелдік инвестор болса сатып алады. Бұрғылау жұмыстарын, өндіріс жұмыстарын өзі жүргізеді. Шетелдік және Қазақстан инвесторларынан 30 шақты арыз түскен, - дейді "Атамен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының мұнай-газ саласындағы ресми өкілі Асылбек Жәкиев. 

Сатып алушылардан да сұраныс түсіп жатқаны белгілі болды. Олар аукционға түсу жарнасы - 400 млн теңгені төлеп, түсуде. Қараша айының аяғында құжат тапсыру аяқталады. Ал жыл соңында электронды түрде ашық аукцион өтпек. Ұйымдастырушылар аукционның ашық өтуін әкімшілік кедергілерді жойып, бесекелестікті арттыруға көмектеседі деп отыр. 

Шымкентте соңғы екі тәулікте коронавирус жағдайы тіркелмеген
Түркия: «3 жасар қыз 4 күн бойы үйінді астында жатқан» (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу