Түркия: «3 жасар қыз 4 күн бойы үйінді астында жатқан» (фото)

Oinet.kz 04-11-2020 1246

Түркияның Измир қаласындағы жер сілкінісі кезінде үйінді астында төрт күн бойы жатқан үш жасар қыз құтқарылды, деп хабарлайды "Анадолу".

image.png

Айда Гезгин есімді қыз үйінді астында 90 сағаттан аса уақыт жатқан. Ол кір жуғыш машинаның жанында қыстырылып қалған. 

- Алдымен мен оның даусын естідім де басқа құтқарушыларға хабарладым. Оған жақындай келе есімін сұрап, қол бұлғауын өтіндім. Ол қолын көтерді, - дейді Нусрет Аксой есімді құтқарушы. 

image.png

Айда Измирде үйінді астынан құтқарылған 109-шы адам. Дәрігердің айтуынша, оның жағдайы қанағаттанарлық. 

- Айда өзін жақсы сезінеді, қазір оған томография жасалады. Үйінді астында қалып қойған анасын әлі де іздестіріп жатырмыз. Құтқарушылардың айтуынша, ол Айда жатқан маңайда болуы мүмкін. Оқиға анасы жуыну бөлмесінде жүрген кезде болған сияқты. Екі сағаттан кейін оларға хабарласа алғанымызбен артынша ұялы телефоны сөніп қалды, - дейді Айданың ағасы Аныл Джандан.

image.png

Атырауда мұнай-кен орындары сатылымға шығарылды (видео)
Балабақша. Ертеңгілік: Ертегіні тауып айт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу