Мұхамеджан Тазабеков жаңадан арна ашуды қолға алды

Oinet.kz 04-11-2020 1177

Айтыскер-ақын Мұхамеджан Тазабеков «Асыл арна» телеарнасын жауып, орнына басқа арна ашуды қолға алуда. Ендігі жерде «Асыл арна» өз көрермендеріне  "Тәлімтв" деген жаңа атпен жол тартпақ, деп хабарлайды Oinet.kz.   Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады. 

Мұхамеджан Тазабек | Бақытты адамның сипаттары - YouTube

- Бүгін, түстен кейін Мүфтияттың Алматыдағы бас ғимаратында тарихи жиын өтті. Атап айтқанда, Абай мен Мәшһүр Жүсіп, Майлықожа мен Шаһ-Кәрімдер секілді даналар ұстанған Мәтруди ақидасының қазіргі қазақ руханиятындағы алтын қазық орыны мен Ханафи мазхабының тығырықтан шығарар тұғырлы қасиеттері сөз болды. Мен де шыны керек, осы күнге дейін толық жауабы берілмеген, нүктесі қойылмаған, қоғам тарапынан туындап жүрген сұрақтарға бүгінгі берекелі жиында ашық, айқын жауап тауып, жүрегім ғұламалар насихаты мен уағызынан қанағат тапты. Ақидамыз Мәтруди, мазһабымыз Ханафи, қара шаңырағымыз Мүфият деген ұстаныммен, ынтымақ- бірлікпен жиын соңында тарқастық. Біраз уақыт бұрын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездескенде бүгін ғана тұсауы кесіліп жатқан “Халық арна” діни каналы жайында сөйлескен болатынбыз.

- Егер діни канал ашып жатсаңыздар, “Асыл арнаны” жауып, орынына басқа арна ашамын, ал, діни контенттерді басы бүтін өздеріңізге тапсырамын - деп айтқан болатынмын. Себебі, діни уағызбен діни басқарма толықтай өздері айналысқаны жөн. Қазір бұрынғыдай емес, діни басқарманың кадрлық, қаржылық құзыреті діни арнаның қызметін қамтуға жеткілікті. Сырт көзден де артық сұрақ туындамай, бір бұлақтан ақпарат тарқауы елге де ыңғайлы. Ал, он жыл бұрын біз арна ашқан кезде алдымызда салыстыратын, үлгісін алатын мұндай жоба болмаған. Қатты қиналдық, іздендік, артық айттық, кем айттық, халықпен кеңесе жүріп осы күнге жеттік. Ол кезде эфирде құмарлық насихатталса да құран оқылмайтын, мазаң қашатын әуен болса да азан айтылмайтын. Қаншама ата-апаларымыз сұқбат тыңдап, жастарымыз рухани тағылым үйреніп, қаншама бағдарламаларды балаларымызбен бірге отырып ұялмай көрдік... Аллаға шүкір, діни басқарма толысып, осыншалық ауыр жүк, діни аманатты мойынымыздан алып жатқанына қуаныштымыз. "Халық арнаға" ақ жол, шығармашылық табыс тілейміз. Ал, "Асыл арна" жыл аяғына дейін жаңа концепциясын дайындап, өз көрермендеріне "Тәлімтв" деген жаңа атпен жол тартып, ары қарай әлеуметтік - отбасылық, ғылыми - танымдық, мәдени - ағартушылық бағытта қызметін жалғастырады. Әрі көрермендерге әлеуметтік ролдік модельдерді ұсынатын мотивациялық концервативті алаңға айналады - деді Мұхамеджан Тазабеков. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүгін, түстен кейін Мүфтияттың Алматыдағы бас ғимаратында тарихи жиын өтті. ✅ Атап айтқанда, Абай мен Мәшһүр Жүсіп, Майлықожа мен Шаһ-Кәрімдер секілді даналар ұстанған Мәтруди ақидасының қазіргі қазақ руханиятындағы алтын қазық орыны мен Ханафи мазхабының тығырықтан шығарар тұғырлы қасиеттері сөз болды. Мен де шыны керек, осы күнге дейін толық жауабы берілмеген, нүктесі қойылмаған, қоғам тарапынан туындап жүрген сұрақтарға бүгінгі берекелі жиында ашық, айқын жауап тауып, жүрегім ғұламалар насихаты мен уағызынан қанағат тапты. Ақидамыз Мәтруди, мазһабымыз Ханафи, қара шаңырағымыз Мүфият деген ұстаныммен, ынтымақ- бірлікпен жиын соңында тарқастық. ✅ Біраз уақыт бұрын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездескенде бүгін ғана тұсауы кесіліп жатқан “Халық арна” діни каналы жайында сөйлескен болатынбыз. “Егер діни канал ашып жатсаңыздар, “Асыл арнаны” жауып, орынына басқа арна ашамын, ал, діни контенттерді басы бүтін өздеріңізге тапсырамын” деп айтқан болатынмын. Себебі, діни уағызбен діни басқарма толықтай өздері айналысқаны жөн. Қазір бұрынғыдай емес, діни басқарманың кадрлық, қаржылық құзыреті діни арнаның қызметін қамтуға жеткілікті. Сырт көзден де артық сұрақ туындамай, бір бұлақтан ақпарат тарқауы елге де ыңғайлы. ✅ Ал, он жыл бұрын біз арна ашқан кезде алдымызда салыстыратын, үлгісін алатын мұндай жоба болмаған. Қатты қиналдық, іздендік, артық айттық, кем айттық, халықпен кеңесе жүріп осы күнге жеттік. Ол кезде эфирде құмарлық насихатталса да құран оқылмайтын, мазаң қашатын әуен болса да азан айтылмайтын. Қаншама ата-апаларымыз сұқбат тыңдап, жастарымыз рухани тағылым үйреніп, қаншама бағдарламаларды балаларымызбен бірге отырып ұялмай көрдік... Аллаға шүкір, діни басқарма толысып, осыншалық ауыр жүк, діни аманатты мойынымыздан алып жатқанына қуаныштымыз. "Халық арнаға" ақ жол, шығармашылық табыс тілейміз. ✅ Ал, "Асыл арна" жыл аяғына дейін жаңа концепциясын дайындап, өз көрермендеріне "Тәлімтв" деген жаңа атпен жол тартып, ары қарай әлеуметтік - отбасылық, ғылыми - танымдық, мәдени - ағартушылық бағытта қызметін жалғастырады. Әрі көрермендерге әлеуметтік ролдік модельдерді ұсынатын мотивациялық концервативті алаңға айналады. Алла қаласа!

Балабақша. Ертеңгілік: Табиғат біздің үйіміз
Көмекке мұқтаж 74 отбасы «Қамқорлық» бағдарламасы аясында көмір отынмен қамтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу