Көмекке мұқтаж 74 отбасы «Қамқорлық» бағдарламасы аясында көмір отынмен қамтылды

Oinet.kz 04-11-2020 574

Сайрам ауданында облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының бастамасымен өңірлік «Қамқорлық» бағдарламасы аясында мұқтаж отбасына көмек беру жұмыстары жалғасуда.

image.png

Осыған орай, аудан әкімі Уласбек Садибековтің тапсырмасына сәйкес, жылыту маусымы қарсаңында 74 отбасына қатты отын алып беру жұмыстары өз деңгейінде ұйымдастырылды.

Жалпы, «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша 112 отбасы қамтылған болса, оның 74-і үйін көмірмен жылытады. Қайырымды іске 2 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды.

Мұхамеджан Тазабеков жаңадан арна ашуды қолға алды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің өкілдері қала активімен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу