Таразда құрылыс қарқыны баяу

Oinet.kz 05-11-2020 709

Тараз қаласында жаңа мектептер салынуда және құрылыс сапасына, мезгілінде аяқтауға ерекше мән берілуде.  Мысалы, № 4 орта мектептің жаңа ғимаратының құрылысын мердігер жыл соңына дейін аяқтауды мақсат етіп отыр. Жоспар бойынша нысан оқу жылының үшінші тоқсанында тапсырылуы керек. Жаңа ғимарат 180 оқушыға арналған. 

Тараз құрылыс.jpg

Ал іргетасы 1944 жылы қаланған № 16 Д.Карбышев атындағы орта мектептің бас ғимаратының орнында 348 орындық жаңа ғимарат бой көтеруде. Құрылысы келесі жылы аяқталады. Кезекші сыныптар 2008 жылы салынған қосымша ғимаратта білім алуда. Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияға жапсарлас салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа ғимаратта 12 сынып және екі мультимедиялық кабинет қамтылған. Бір ауысымда 300 оқушысы оқи алатын алады. 

Мектептердегі жұмыстарды бақылаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың №2 және №22 мектептердің құрылыс қарқынына көңілі толмады. Облыс әкімі келісімшартта көрсетілген міндеттерін бұзып, кестеден ауытқыған жауапсыз мердігерлердің жұмысын сынға алды. «Келісімшартқа қол қоймас бұрын, ұсақ-түйекке дейінгі барлық жайтты ойластыру керек едіңіз. Ал енді мардымсыз сылтау айтудың не керегі бар? Ауқымды қаражат бөлінгенімен, оны тиімді игеру ісі көңіл көңшітпейді. Егер биыл осы міндетті ұтымды шеше алмасаңыз, онда келесі жылы сізге мұндай жауапты шаруа сеніп тапсырылмайды», - деп ескертті облыс әкімі. Ол құрылыс алаңдарындағы жұмысшылар санын көбейтуді, жыл соңына дейін №22 мектеп ғимаратының қабырғалары мен шатырын тұрғызуды талап етті. Қала әкімі Айтқазы Қарабалаевқа нысандарға күн сайын барып, тексеріп, кемшіліктерді уақытылы жойып отыруды тапсырды. Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев екінші тоқсанда қосымша тағы да кезекші сыныптарды ашу мәселесін көтерді. 

Б.Сапарбаев: Жас кезімізде мұндай трактор болған жоқ
Зілзала зардабы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу