«Вирус мутацияланды» - әкім орынбасары алматылықтарға үндеу жасады

Oinet.kz 09-11-2020 700

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров "вирус мутацияланғанын" айтып, қаладағы коронавирус жағдайы бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Вірус Коксакі: симптоми та профілактика – Новини Полтавщини

Ержан Бабақұмаров 65 жастан асқан егде адамдардан үйде қалып, денсаулығын күтуді сұрады.

- Егде жастағы адамдардың арасында науқастар көбейді - 33 пайыз. Олар ауыр түрімен ауырады және өкінішке қарай, дәл осы жас санатының арасында өлім жағдайы көп. Қазір вакцина мен дәрі жоқ. Кейбір дерек бойынша, Еуропада вирус мутацияланды, - деп жазды ол.

Кейін әкімнің баспасөз қызметіндегілер Алматыда ыстық түсіретін дәрілердің саны жеткілікті екенін атап өтті.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, алматылықтардың көбі вирусты жұмыста және көпқабатты үйлердің кіреберісінде жұқтырады.

- 44 пайызға жуығы осылай жұқтырған. Сондықтан жұмыста өзін күтіп, маска тағып, гигиена сақтап, үйге келген соң қорғаныш құралдарын пайдалансын. Ережелерді бәрі біледі, барлық жерде жазылған. Сондай-ақ кәсіпорын басшылары қызметкерлеріне жағдай жасап, олардың арасында жұқтыруды болдырмауы керек. Жұқтырудың 18 пайызы үйдің кіреберісі арқылы болып жатыр. Сондықтан сол жерде вирус жұқтырып алмау үшін көпқабатты үйдің тұрғындары мен ПИК-тен санитарлық-эпидемиологиялық тазалықты сақтауды сұраймыз. Бүгінде жұқтырудың 18 пайызы кіреберіс пен лифтте анықталған. Есіктің тұтқасы, баспалдақтың жиегі - бәрін күніне бірнеше рет хлор сумен тазалау керек, - деді ол.

Біріккен Араб Әмірлігінде некесіз бірге тұруға, ішімдік ішуге рұқсат берілді
Зейнетке шыққан Тасмағамбетов алғаш рет сұхбат берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу