Әйгілі Шерлок Холмстың Лондондағы үйі Назарбаевтарға тиесілі болып шықты

Oinet.kz 12-11-2020 762

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына Лондондағы Бейкер-стрит көшесінде орналасқан әйгілі Шерлок Холмстың музей-үйі тиесілі. Бұл туралы The Times газеті жазды, деп хабарлайды Oinet.kz.

Әлемдегі ең танымал детектив үйінің иелері - Қазақстан Ұлт көшбасшысының үлкен қызы Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәлі Әлиев. 2015 жылы британдық журналистер тапқан құжаттарда осылай жазылған екен.

Сондай-ақ, Назарбаев пен Әлиевтер Бейкер көшесіндегі 215 және 237 үйлер арасында бірнеше басқа ғимарат пен жерлерге ие. Бұл мүліктің жалпы құны шамамен 140 миллион фунт стерлингті құрайды.

Бұған дейін EADaily басылымы бұл жыл Дариға Назарбаева үшін қиын жыл болды деп хабарлаған. Көктемде белгісіз себептермен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны Сенат спикері қызметінен босатты (жұмыстан босату елбасы қызының шамадан тыс амбицияларының салдары болды деп айтылды). Ал тамыз айында Лондонда оның екінші ұлы Айсұлтан Назарбаев кенеттен қайтыс болды, ол есірткіге тәуелділіктен зардап шегіп, өзінің жақындарын әшкерелейтін мәлімдемелер жасады.

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 118 мыңнан асты
Жанболат Ағаділдің өлімі: Куәгер оқиғаның мән-жайын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу