Генерал Бахтияр Ерсай қазақ емес

Oinet.kz 18-11-2020 2439

Күні кеше Таулы Қарабақ соғысында жеңіске жетуге бірден бір себепкер болған генерал, қазақ болмай шықты. Бахтияр Ерсай есімді азамат нағыз қазақтан шыққан азамат деген пікір қате ақпарат, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы Өмірхан Алтын есімді Facebook қолданушысы жазды. 

image.png

- Соңғы бірнеше күннен бері Қазақстанда әлеуметтік желі, Әзірбайжан армиясының Таулы Қарабақтағы шабуыл операциясын басқарған Түрік Қарулы Күштерінің бригадалық генералы Бахтияр Ерсай этникалық қазақ екен, тіпті руы Кіші Жүз екен деп шулап жатыр. Менің өзіме де тікелей хабарласып, бұл мәлімет дұрыспа деп сұраушылар да бар.

Бұл мәлімет негізі дұрыс емес, жалған ақпарат. Генерал Бахтияр Ерсай этникалық қазақ емес. Ол Түркияның шығысындағы Тұнжелі (Tunceli) қаласына қарайтын Чемишгезек (Çemişgezek) деген аудан орталығында өмірге келген қарапайым бір Түрік отбасының баласы.

Әкесі мұғалім болған. Түркия республикасының негізін қалаушы атақты тұлға Мұстафа Кемал Ататүріктің өзі құрған Ауыл институтында оқыған мұғалім әкесі, баласын Ататүрікке және Отанға деген асқан сүйіспеншілікпен өсірген.

Қазіргі таңда Бахтияр Ерсай Түрік армиясының ең білімді де тәжірибелі генералдарының бірі болып саналады.

Әзірбайжан немесе Түркия тарапынан генерал Ерсайдың Таулы Қарабақтағы соғысқа қатысқаны туралы қазірге дейін ешбір мәлімет берілген жоқ.

«Түркияның Құрлық әскерлері жедел дирекциясының бастыімғы генерал-майор Бахтияр Ерсай бастаған топ Таулы Қарабаққа қарсы әскери қимылдарды ұйымдастыруға тікелей қатысты» және «Ерсай Бакуде орналасқан. Әзірбайжан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Наджмеддин Садигов қызметінен босатылғаннан кейін ол Қарабаққа қарсы операция бойынша Бас штабты жеке өзі басқарады.» - деген ақпаратты Әзірбайжан қорғаныс министрлігі басшылығына жақын, белгілі себептермен өзінің аты-жөнін айтпауды сұраған ресми бір адамнан алдық деп орыстың «ВЗГЛЯД» газеті таратқан.

Бахтияр Ерсай өзі сиякты Ататүріктің Түрік Ұлтшылдығы идеясын бойларына сіңірген жүздеген арнаулы әскерлермен бірге, 2016-шы жылы 15 шілде күні қанды әскери төңкеріс жасамақ болды деп айыпталып, қазіргі таңда Түркияда Фетхуллахшы террор ұйымы (ФЕТӨ) деп аталатын АҚШ-тағы Фетхуллах Гүлен жетекшілік ететін діни-саяси топтың қастандық іс-әрекеттеріне тап болады.

Нәтижесінде Бахтияр Ерсай қанды төңкеріс әрекетінен алдын жаламен жазықсыз сотталып 16 жылға кесіледі. 31 ай түрмеде отырган ол, сәтсіздікке ұшыраған төңкерістен кейін ақталып әскери қызметіне қайта оралады. Кейін генерал деңгейіне көтерілген ол қазіргі уақытта отанына деген адал қызметін абыроймен одан әрі жалғастыруда - деді Facebook қолданушысы Өмірхан Алтын.

Путин Назарбаевтың идеясын ұрлады
Екі кішкентай қызға азғындық жасаған педофил сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу