Құрсайдағы мәселелер шешімін табады

Oinet.kz 19-11-2020 992

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы Абай аудандық филиалының ұйытқы болуымен  Құрсай шағын ауданындағы өзекті мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Есімжан Занқоев тұрғындармен  кездесу өткізді.  Шараға  аудан ақсақалдары мен БАҚ өкілдері де қатысты.

image.png

Құрсай  8812 тұрғыны бар дамып келе жатқан шағын аудан. Онда халық үшін мектеп, бала-бақша және ауруханалар орналасқан. Сол себепті елді мекеннің бірқатар өзекті мәселелері ауқымды болып отыр. Бүгінгі жиынның мақсаты – халық үніне құлақ аса отырып, ауданның өркендеуіне үлес қосу.

Жиын барысында тұрғындар аудандағы түйткілді мәселерді аудан басшылығының назарына ұсынып, оның шешу жолдары қаралды. Ауданда әлі күнге дейін көше атаулары бар  тақтайшалар мен үй нөмірлері орнатылмаған екен.  Есімжан Байырбекұлы жақын арада QR коды бар тақтайшалар ауданның барлық көшелеріне орнатылатынын жеткізді. Құрсайдың жол мәселесі бойынша да бірқатар шара көрілген. Шағын ауданның 46 көшесінің 10-ны асфальт жол болса, 31 көшесіне шағал тас төселген. Ал, қалған 5  топырақ көшеге қалалық Жолаушылар көлігі  және  автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен шағал тас төсеу жоспарда. Атап айтқанда, мазаратқа баратын орталық және атауы жоқ   көшеге ұзындығы 3 шақырым шағал тас төселетін болады.  

Одан әрі шара барысында жылумен және сумен қамту сынды өзге де тұрғындарды алаңдатқан сауалдар қозғалды. Шағынаудандағы  2216 үйдің 1430-ы табиғи газбенбен қамтылған, қалған 786 үйді толық қамту бойынша Даму бағдарламасына сәйкес 2021-2022 жылдары табиғи газ жүйесінің құрылысын жүргізу жоспарлануда екен. Жылу мен қамту жүйесі бойынша аудан әкімінің орынбасары жұмыстар қарқынды жүріп жатқанын жеткізді. Мараторий негізінде жылу ең алдымен тұрғын үйлерге, сосын кәсіпкерлік нысандарға берілетін болады. Ал ауданға кәсіпкер қаржысы негізінде салынған жаңа 600  орындық мектепті жылумен қамту әкімдік назарында болады. 

image.png

Жиында Құрсай шағын ауданының тұрғыны 70-тен асқан қария Өмірзақ Сүлейменұлы: «Ел болған соң мәселе әркез туындап тұрады, бірақ біздің мақсатымыз осы сұрақтардың шешіліп, халық жағдайы жақсаруы», – дей келе,  бүгінгі жиынды ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. 

Шара соңында тұрғындардан түскен өтініш пен ұсыныстар жергілікті басшылық назарына алынды. Тұрғындардың барлық өтініштері алдағы уақытта оң шешімін табатынын айтты Есімжан Занкоев.  Басқосуға жиылған жұрт құрсайлық ақсақалдардан бата алып тарқасты.

Айта кету керек, 2019 жылы ауданды электр жарығымен қамту үшін қала бюджетінің есебінен 560 млн. теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда шағын аудан толықтай электр жарығымен қамтылған. Сондай-ақ, жергілікті халық санының көбеюуіне байланысты ауданда жаңа құрылыс нысандары да бой көтеруде.

Блок-бекеттің жанындағы полицейлердің «төбелесі» желіні жарды (видео)
Түркістанда 7 медициналық нысан салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу