Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде

Oinet.kz 23-11-2020 836

Нұр-Сұлтандағы кафеде болған жарылыстан кейін үш адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

image.png

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, олардың бірінің жағдайы аса ауыр, екеуінің жағдайы ауыр.

Барлығы 23 адам 1 және 2 көпсалалы ауруханаларға жатқызылды. Жеңіл жарақат алған 11 жәбірленуші амбулаториялық емделуге жіберілді.

- Науқастардың көпшілігі әртүрлі дәрежедегі термиялық күйіктермен, орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен уланумен, политравмамен ауруханаға жатқызылды, - дейді денсаулық сақтау басқармасы.

Нұр-Сұлтан кафесінде болған жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды

21 қараша күні түсте елорда кафелерінің бірінде газ балон жарылған. 

Нәтижесінде ас үйдің төбесі құлап түсті. Жарылыс кезінде ғимаратта болған әйел ауруханада қайтыс болды. 30-дан астам адам жарақат алды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр.

Елімізде неліктен банкет өткізуге тыйым салынғандығын Министрлік түсіндірді
14 мың адам Шанхай әуежайынан шыға алмай отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу