Солтүстік Қазақстанда асфальт қар үстіне төселген

Oinet.kz 04-12-2020 763

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жол жөндейтіндер асфальтты қардың үстіне төсеген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

асфальт.png

Әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарағанда мердігерлерге жолды жөндеп бітіру оңайға соқпаған. Олар қоспаның қалдығын тасжолдың ортасына төгіп кеткен, тіпті үстінен арнайы техникамен тегістеуді ойламаған. Салдарынан жол жамылғысы аяқ астында үгітіліп жатыр.

Аймақтағы шенеуніктер облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына шарт бойынша жұмыс 1 қарашада аяқталды деп есеп беріп қойған. Шын мәнінде мердігер компания "Комплек-Азия-Сервис" аудандағы жолды ай соңында 5 градус аязда жөндеді. Ал бұл - технологияны өрескел бұзу.

- Тексеріс жүргізіледі. Жөндеу орташа жөндеуге жатады және мердігерге екі жыл кепілдік мерзімінде жауапкершілік жүктелген. Қандай жағдай болса да жол сапасында кемшіліктер анықталса, оны жоюға жауапкершілік бар, - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Қылышбеков.

Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты
«Оскарға» ұсынылатын қазақстандық фильм белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу