Өрттен 5 жасар бала қайтыс болды

Oinet.kz 02-01-2021 1253

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

өрт Солтүстік.jpg

ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза тапқанын хабарлады. Екі пәтерлі үйде өрт шыққанын куәгер хабарлаған.

- 1 наурызда сағат 18:59-да Смирново ауылының "101" пультіне Новороссийск ауылындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бір қабатты үйде пәтер жанып жатқаны анықталды. Өртсөндірушілер келгенге дейін жергілікті тұрғындар 2015 жылы туған баланың жансыз денесін алып шыққан. Өрт себебі анықталып жатыр, баланың денесі сараптамаға жіберілді, - деп хабарлады СҚО ТЖД өкілі.

Бала үйде жалғыз қалған, ата-анасы жергілікті ЖШС-де жұмыс істейтіні белгілі болды.

өрт бала қаза.jpg

Ақпарат бойынша, үйдің қабырғалары қамыстан жасалған соң оңай тұтанып кеткен. Өрт ас үйден шыққан, алдын ала болжам бойынша, тосын жайдың себебі пеш болған. Өрт салдарынан үйдің жартысы жарамай қалды. 

Шымкент: Басқарма басшысы биылғы ұбт-ның басты ерекшеліктері мен өзгерістерін түсіндірді
Головкиннің келесі қарсыласы анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу