Бүгін Бейсен Құранбектің туған күні

Oinet.kz 09-12-2020 1693

Осыдан 49 жыл бұрын (1971-2020) белгілі журналист Бейсен Құранбек дүниеге келген. Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында туған. 

Бейсен Құранбек.png

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған. 2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды. 

2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 

2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді. 

2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды. ҚР Президенті сыйлығының иегері, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Жыл таңдауы» ұлттық сыйлығының иегері. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының жеке алғыс хатымен марапатталған. «Тіл жанашыры», «Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл», Елбасының жарлығымен мемлекеттік марапат «Ерен еңбегі үшін медалімен» марапатталды. Талдықорған қаласының құрметті азаматы атанған.

Бүгін Иманғали Тасмағамбетовтың туған күні
Жеті жыл бойы полициядан жасырынған қылмыскер ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу