Жеті жыл бойы полициядан жасырынған қылмыскер ұсталды

Oinet.kz 09-12-2020 730

Петропавл қаласының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері есірткі қылмысын жасады деген күдікпен жеті жылдан астам уақыт іздеуде жүрген 61 жасар әйелді ұстады, деп хабарлайды Oinet.kz СҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қылмыскер ұсталды.png

- Бізге 2013 жылдан бері іздеуде жүрген әйел адамның Жұмысшы кентінде жасырынып жүргені жайында ақпарат келіп түсті. Сегіз жыл бұрын, 2012 жылы, қалалық полицейлер «героин» есірткі затын таратқан Петропавл тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеген болатын. Тергеу барысында оған 1959 жылы туған анасының қатыстылығы да анықталды. Алайда әйелдің жасырынып, үйінен белгісіз жаққа кетіп қалғаны анықталды. Соңғы сегіз жылдағы оның тұрғылықты жерін ешкім білмеген, - делінген хабарламада.

Петропавл қаласы КПБ бастығының орынбасары, полиция капитаны Жасұлан Балдиковтың сөзінше, тексеріс барысында әйелдің жүрген жері туралы жедел ақпарат расталған.  Ол Жұмысшы кентінің орталығында орналасқан жеке меншік үйлердің бірінен ұсталды. Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында 2012 жылы Қостанай қаласындағы алыс туыстарына кеткенін айтқан. Соңғы төрт жылда - Петропавлдың Жұмысшы кентіндегі туысының үйінде қайта тұра бастаған. Осы жылдары үйден ешқайда шықпай, тәртіп сақшыларынан тығылып жүрген. Төрт жылда алғашқы рет жұмысымен танысының үйіне шығып, бірден полицейлермен ұсталды.

Қазір әйел Петропавл қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 259-бабы 4-б. бойынша (1997 жылғы редакцияда) Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліуде.

Бүгін Бейсен Құранбектің туған күні
Головкиннің қарсыласы күтпеген мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу