Сайрам ауданында қос мектеп пайдалануға берілді

Oinet.kz 14-12-2020 1559

Сайрам мектеп.jpg

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сайрам ауданында екі мектеп пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған Қарабұлақ ауылындағы №92 жалпы орта мектебі 600 оқушыға арналған. Мемлекеттік және өзбек тілінде білім беретін оқу ордасының жалпы аумағы 7200 шаршы метр, мектепте 29 жалпы сынып және 5 интерактивті сыныптар қарастырылған. 

Screenshot_1.jpg

Ақсуабад ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген білім ұясы 600 оқушыға арналған, мектепте 48 жалпы сынып және 6 интерактивті сыныптар қарастырылған. Білім ұясының ашылуы салтанатына Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков пен ауылдың беделді азаматтары, ұстаздар қауымы қатысты.

Ауыл жастары үшін жабық футбол манежі пайдалануға берілді
Тағы бір орыс депутаты Қазақ жері туралы сұмдық мәлімдеме жасады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу