«Емшіге барып жүрген» Марқұм Сымбат Құлжағарованың күйеуі пікір білдірді

Oinet.kz 15-12-2020 1719

Өзін өлімге қиған келіншектің оқиғасынан соң интернетте Президент атына онлайн-петиция жүріп жатыр. Онда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатып, көз жұмған Сымбат Құлжағарованың ісіне қатысты тергеу шарасын әділетті жүргізуді талап еткен. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Сымбат Құлжағарова.jpg

29 жастағы Сымбат Құлжағарова желтоқсанның 10-ы күні елордадағы көпқабатты үйлердің бірінен секіріп өлген. 

 - Біз нақты дерекке қараймыз. Ол психдиспансерде есепте тұрмаған. Есінен ауысқан деген анықтама жоқ. Полицияда соққыға жығылған деген дерек бар. Күйеуінің ұрғанын айтып шағымданғанын жазған. Ажырасқысы келетінін айтқан. Біз осы дерекке сенеміз, - дейді «НеМолчи» ұйымының жетекшісі Дина Смайылова.

Екі баланың анасы, марқұм келіншектің қазасынан кейін орнын жоқтаушылар екіге бөлінген. Бір жағы онлайн-петиция ұйымдастырып, қазір 67 мың адамның қолын жинап үлгерген. Қоғамдық ұйым ұйымдастырған онлайн-петиция елдегі отбасылық зорлық-зомбылық туралы заңды қайта қарау керек деген мәселені көтереді. 

Ал марқұм келіншектің жағдайын соның ішіне бір дерек ретінде ғана келтірген. Бірақ Сымбаттың күйеуі де, анасы да оның психикалық ауытқуы болғанын айтады. Айтуларына қарағанда, осыған дейін де үш рет суицид жасамақ болған. Одан қалды, әлдебіреулердің, тіпті жоғары лауазымды тұлғалардың ізіне түсіп жүргенін айтатын болған. Жазда бір ай диспансерде жатып шығыпты. Ал денесіндегі көгерген жерлері мен жарақат іздерін күйеуі былай түсіндірді.

- Анасына қоңырау шалып, аяғы мен денесі неге көгерген деп сұрағанмын. Сөйтсем, ол бір емшіге барып жүрген екен. Онысы тергеу барысында анықталды. Сол емші массаж жасаған. Бірақ оны ұрғам жоқ, қол көтермегем. Бұл таза жала. Енді жарымды, отбасымды жоғалтып жатырмын. Жағдайға ешкім бейтарап қарамады. Барлығы біржақты ғана тыңдады, - дейді марқұм С. Құлжағарованың күйеуі Абай Әбдіғаниев. 

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың қатысуымен өңірдің проблемалық мәселелері талқыланды
Түркістан: Зиялы қауым өкілдері Арыс пен Отырарға келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу