Ұлттық банк жаңажылдық дастарқанға жеткілікті қаражатты атады

Oinet.kz 25-12-2020 791

Ұлттық банк сарапшылары жаңажылдық дастарханаға кететін қаржыны есептеп шығарды. Олардың мәліметінше, мерекелік дастархан жаю үшін 21 108 теңге жеткілікті деп хабарлайды КТК арнасы. 

Ұлттық банк қаржы.png

Ұлттық банк мамандары төрт адамға 21 108 теңгеге жаңажылдық дастарқан жаюға болады деп отыр. Ал осынша қаржыға есептелген ас мәзіріне ет, жеміс, көкөніс, тіпті қазы-қартасы мен сусында кірген.   Бұл тізімді көріп, Тараз тұрғыны Мөлдір Нұрланқызы 21 мың теңгесін алып, бірден базарға тартқан. Келіншек азық-түлік бағасы арзандап қалды ма деп ойлапты.      

- Етті қаншадан есептеп отыр екен? Маған сол қызық. Әрине, күлкілі жағдай. Өздері осындай сомаға дастарқан жая ала ма? Ол сомаға Жамбылдың жерінде, арзан дейміз ғой, мұнда ештеңеге жеткізе алмайсың, - деді Мөлдір Нұрланқызы. 

Базардағы баға расымен де өзгерген. Ақтөбе тұрғыны Әлия Нұрмағанбетованың айтуынша, жаңа жыл алдында азық-түліктің құны біршама шарықтаған. Әсіресе мерекелік дастарқанның сәнін ашатын жеміс-жидек пен тәтті сусындар едәуір қымбаттаған.    

- Барлық азық-түлік қымбаттады. Ет аласың, жақсы еттің келісі 2000-2500 теңге аралығында. Қазы аласың, қарта аласың. Күні кеше тапсырыспен алдырған жеміс-жидек бағасы, жүзімді алсақ, келісі – 890 теңге, - дейді Әлия Нұрмағамбетова. 

Ал қарағандылықтар жылқы еті айына тек бір рет жеуге болатын нағыз жеңсік асқа айналғанын айтады. Себебі, бір келісі 2600 теңге деп тұр. Ал қазы үш мыңнан асады. Ұлттық банк айтқан кәмпиттер мұнда 1950 теңгеден сатылып жатыр екен. Вафлидің өзі еттің бағасына жетейін деп тұр. Бір қорабы 1200 теңге. Апельсин – 900, ал мандарин сиыр етінің бағасымен бірдей – 1500 теңге.     

Алматыдағы азық-түлік дүкендері жаңа жыл алдында жаппай жеңілдік жасаған. Бірақ соның өзіне қарамастан, себетін аузы-мұрнынан толтырып алып жатқан жұрт жоқ. Оңтүстік астанада жаңажылдық басты жеміс – мандариннің келісі – 1000, жылқы етінің жарты келісі 2300 теңгеге шыққан. Телеарнаның есептуінше, нәтижесінде 21 мың теңге азық-түліктің жартысына да жетпеген. Бір данадан алғанның өзінде қазы, ет, мандарин, банан, коньяк, шампан, тағы басқасы 21 108 теңгеден асып кеткен. Ұлттық банк бұл ақшаға тағы салат пен көкөніс, бауырсақ пен тәтті бәліш сатып алуға болады деген. Банкирлердің бұл бағаны қайдан алғаны белгісіз.      

ТЖМ басшысы қазақстандық вакцинаны салдыруға қатысты ойын айтты
Белгілі қазақстандық футболшы екі жылға спорттан шеттетілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу