Ұлттық банк Елбасы бейнеленген монета шығарды (фото)

Oinet.kz 19-03-2021 1252

Қазақстан Ұлттық Банкі құрамдас бөлігінде алтын компоненті бар күмістен жасалған номиналы 1000 теңгелік «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» коллекциялық монеталарын шығарады. Бұл туралы Ұлттық Банктің ресми сайты хабарлады. 

Елбасы монета.jpg

- Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, «proof» дайындау сапасымен, диаметрі 50 мм монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалған, - делінген хабарламада.

Монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Монеталар кәдесый орамында шығарылады және мемлекеттік тілде, орыс, ағылшын тілдерінде Қазақстан Ұлттық Банкінің нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Шымкент: Тұтынушылардың құқығын қорғайтын бірыңғай жүйе іске қосылды
Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу