Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Oinet.kz 28-12-2020 833

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Жаңа жылға байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Дсм.png

- Құрметті қазақстандықтар! Біз вируспен қалай күресу керегін үйренсек те, алдын-алу шараларын, вирус әлі тарап жатқанын білеміз. Үлкен іс-шараларда жабық кеңістікте көп адам ұзақ уақыт бойы бірге болады, бұл коронавирус инфекциясының өршуіне себеп, - деді вице-министр ОКҚ-дағы онлайн-брифингте.

Жаңажылдық мерекелер қарсаңында вице-министр коронавирустың алдын-алу шараларын сақтауға шақырды:

- халық жаппай жиналатын жерлерге бармау;

- ұжымдық іс-шаралар, ертеңгіліктер, корпоративтер өткізбеу немесе оларға қатыспау;

- ағзаның салқындауына жол бермеу;

- қауіп-қатер тобындағы туыстар мен жақындарыңа қауіп төндірмеу, сөйлесіп, құттықтау үшін заманауи қашықтан байланыс құралдарын пайдалану.

- Жаңа жыл - отбасылық мереке. Сіздерді мерекені туыстар, достар мен таныстарсыз, тек бірге тұратын жақын адамдар ортасында қарсы алуға шақырамын. Құрметті қазақстандықтар, соңында тағы да назарларыңызды пандемия әлі жалғасып жатқанына, вирус жеңілмегеніне аударғым келеді, сондықтан әрбір адам жағдайға барынша жауапкершілікпен қарап, басқаларға және өзіне вирус жұқтырмау үшін бәрін жасау керек, міндетті түрде маска кию, әлеуметтік қашықтық және гигиена бойынша талаптарды сақтау қажет, - деді Шоранов.

Еріктілер археологиялық экспедиция сапында
Танымал журналист Димаш Құдайбергенді қатаң сынға алды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу