Танымал журналист Димаш Құдайбергенді қатаң сынға алды (видео)

Oinet.kz 28-12-2020 8582

Белгілі журналист, кезінде "Ұлдар емес" командасында Жайдарман жеңімпазы атанған Перизат Мырзахмет әнші Димаш Құдайбергеннің ресейлік «Сегодня вечером» бағдарламасындағы қылығын сынға алды. Бұл туралы ол өз парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Димаш Құдайберген.jpg

«Эх, Димаш… Сен Бағым мен Ринатта кеткен өкпеңді айтамын деп тұтас елді тізе бүктірдің ғой. Асүйде айтатын ренішіңді атасы басқа, мақсаты басқаның алдында жырлағаның қай сасқаның? Басков пен Лазарев, Малахов жаны ашып айтты деп арқаңның қышуы қанды ма? Әлі баласың, бала болған соң шаласың.

Қытайдың төрінде «Самалтауды» айтқан баланың басы бар шығар деп сендім. Сөйтсем сенген қойым кебек бергеннің үйіне қарап күйсеп жүр екен ғой.

40 жыл бұрын болған «Саз әлемі», өзің айтқандай 17 жасыңда болған ескі боқта Бағым Мұхитдинова 100% дұрыс айтты. Дауыс қабілетің мен арзанқол ән екі жақта лағып жатты. Құлағы бардың бәрі естіді. Ол кезде сенде не тәжірибе, не сенім, не қолдау жоқ еді. Құдайдың берген талантына сеніп шығып едің сахнаға. Шикі едің. Рас, Ринат Зайытов езді. «Қатындауысты еркек» деп өзінің сексистік биігінен айтты. Онымызды қателік деп мойындадық. Сен әлі өкпелісің.

Қытайға барған Димаш басқа Димаш. Жұмыс істеген, дайындалған, бәленбай маманның көмегімен стилі мен мәнерін өзгерткен, толысқан әнші болдың. Әлем сені солай таныды. «Саз әлеміндегі» шикі күйіңмен барсаң, сол кездегі әндеріңді айтсаң, итше талап, мазаққа айналдырар еді… Мәселе сенің талантыңды танымаған қазақта емес, елімізді шірітіп жатқан жемқорлықта еді. Сені сүйкімді шығарар стилист пен вокалистер бізде де бар, алайда оларда ондай қаржы мен уақыт жоқ. Өз қотырларын өздері қасып жүрген жандар.

Қайсыбірін айтайын… Таң атпай адамды жылатып қойдың ғой. Жерімізге көзін алартып, «көкелігімді танытам, тіземді батырам» деп отырған елге барып басыңды иіп келдің. «Сол сынның арқасында өстім, енесі тепкен құлынның еті көгермейді» деп Бағымды емес, еліңді қорғасаң азамат болар едің. Бірақ сен әлі өкпенің өлеңін айтып жүрген баласың», – деп жазды автор.

Еске сала кетейік, "Сегодня вечером" бағдарламасына Димаш қатысты. Бағдарлама барысында кезінде вокалист Бағым Мұхитденованың Димашты сынаған видеосы көрсетілді. Сонда Игор Крутой, Сергей Лазарев, Николай Басков сынды Ресей эстрада жұлдыздарды "Бұлар кімдер?" деп сұрайды. Димаш әділ-қазылардың көңілінен шыға алмағанын айтты.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
«Қамқор» әлеуметтік дүкенінің саны артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу