Дональд Трамп Вашингтонда төтенше жағдай енгізді

Oinet.kz 12-01-2021 735

АҚШ президенті Дональд Трамп 20 қаңтарға жоспарланған инаугурация дау-дамайсыз өтуі үшін Колумбия аймағында төтенше жағдай енгізді, деп хабарлайды Ақ үйдің сайтында. 

Дональд Трамп.png

Төтенше жағдай режимі 2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап 24 қаңтарға дейін жалғасады. Президенттің бұл іс-әрекеті Ішкі қауіпсіздік министрлігі Федералды Төтенше жағдайларды басқару агенттігіне (FEMA) барлық көмек шараларын үйлестіру құқығын береді. 

Атап айтқанда, FEMA төтенше жағдайдың салдарын жеңілдету үшін қажетті құрал-жабдықтар мен ресурстарды анықтауға, жұмылдыруға және беруге құқығы бар. Тікелей федералды көмекпен шектелген төтенше жағдайлардан қорғану 100 пайыз федералдық қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. Ішкі қауіпсіздік министрлігі Федералды Төтенше жағдайлар агенттігінің (FEMA) әкімшісі Пит Гейнор зардап шеккен аудандағы федералды қалпына келтіру операцияларының федералдық үйлестірушісі етіп Томас Дж. Фарджионені тағайындаған. 

Путин, Алиев және Пашинян Қарабақ туралы мәлімдемеге қол қойды
Халықаралық бақылаушылар сайлауға бағасын берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу