«Бірнеше рет тыңдап көрдім» - Тоқаев рэпер Скриптонит туралы айтты (видео)

Oinet.kz 08-07-2020 825

Мемлекет басшысы қазақстнадық рэп орындаушы "Скриптонит" атымен танылған Әділ Жәлеловтың әуендерін тыңдайтындығын жеткізді. Бұл туралы ол ресейлік тележүргізуші Алексей Пивоваровқа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Тоқаев пен Скриптонит.jpg

Журналистің: "Мысалы Ресейде өте танымал Скриптонит деген рэпер бар. Ол Қазақстанда туып өскен" - деп өз сауалын бастай бергені сол-ақ еді. Президент оны тыңдайтындығын сөз арасында айтып қалды. 

- Бірнеше рет тыңдап көрдім. Ұйып тыңдадым, бірақ бәрін түсіндім деп айта алмаймын. Бірақ түсінуге тырысып көремін - деді Тоқаев. 


Әлімғазы Райымбеков өмірден өтті
«Тақиялы періште» Райымбековтың неден қайтыс болғаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу