Әлімғазы Райымбеков өмірден өтті

Oinet.kz 19-01-2021 2200

"Тақиялы періште" фильмінде Тайлақтың рөлін сомдаған актер Әлімғазы Сұмағұлұлы Райымбеков 85 жасында өмірден өтті. Бұл туралы қайғылы хабарды "Егемен Қазақстан" тілшісі Қалмаханбет Мұқаметқали өз Facebook парақшасында жария еткен. 

Әлімғазы Райымбеков.jpg

- Бақұл болыңыз, Тайлақ... Қазақ өнерінің "Тақиялы періштесі" атанған Әлімғазы ақсақалға уақыт болыпты, - деп жазған ол. 

Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында туған. Қазақстанның мәдениет қайраткері. Алматы облысының Құрметті азаматы. Қазақ кино әлемінде өшпес із қалдырған тұлға оннан астам фильмге түскен. 

Оның ішінде "Ән қанатында", "Қилы кезең", "Көгілдір такси", "Қан мен тер", "Тақиялы періште" сынды танымал кинотуындыларды атап өтуге болады. Әсіресе алтын қорға енген комедиядағы Тайлақтың ролі арқылы көрермен қауымға етене таныс. 

Әлімғазы ақсақалдың мәпелеп өсірген 10 баласынан 20 немере, 7 шөбере бар.

Су жаңа министрлер ант берді
«Бірнеше рет тыңдап көрдім» - Тоқаев рэпер Скриптонит туралы айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу