Түркістан облысының дәрігерлері 338 мыңнан астам адамды тексерді

Oinet.kz 20-01-2021 636

Түркістан облысында 10 ПТР зерхатансы жұмыс істеп тұр. Оларда күніне 2500-3000 сынақ жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов хабарлады.

image.png

– Тұрақты негізде облыста коронавирустық инфекциясы бар науқастарды емдеуге жатқызу үшін 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсек ұйымдастырылды. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3-тен 10-ға дейін көбейтілді. Айта кетейік, пандемия басталғаннан бері 388 мың 483 адам ПТР зертханаларында тексерілді. Аймақта орта есеппен ПТР әдісімен күніне 2500-3000 сынақ жүргізіледі, – деді Марат Орынбасарұлы. 

Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитұлының төрағалығымен өткен Қоғамдық денсаулық басқармасының кеңейтілген алқа отырысында 2020 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Түркістан облысында жағдай тұрақты
Жедел жәрдем көліктері толығымен жаңарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу