Түркістан облысында жағдай тұрақты

Oinet.kz 20-01-2021 700

Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өңірдегі барлық медициналық мекемелері коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі бекітілген жұмыс жоспары негізінде әрекет етеді. Бұл туралы бүгін Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов хабарлады.

image.png

Сурет ашық дереккөзден алынды

– Тұрақты негізде облыста коронавирустық инфекциясы бар науқастарды емдеуге жатқызу үшін 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсек ұйымдастырылды. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3-тен 10-ға дейін көбейтілді. Айта кетейік, пандемия басталғаннан бері 388 мың 483 адам ПТР зертханаларында тексерілді. Аймақта орта есеппен ПТР әдісімен күніне 2500-3000 сынақ жүргізіледі, – деді Марат Орынбасарұлы. 

Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитұлының төрағалығымен өткен Қоғамдық денсаулық басқармасының кеңейтілген алқа отырысында 2020 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды. Түркістан қаласындағы жиынға өңірдегі барлық емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері қатысты.

Түркістан облысында 7 аурухана салынып жатыр
Түркістан облысының дәрігерлері 338 мыңнан астам адамды тексерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу