Бүгін Ғабидолла Әбдірахымовтың туған күні

Oinet.kz 23-01-2021 895

Осыдан 46 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов дүниеге келді. Шымкент (қазіргі Түркістан) облысында дүниеге келген. 

Ғабидолла Әбдірахымов.jpg

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер (1996); «Болашақ» бағдарламасы бойынша Неміс Жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі (1999). 

Еңбек қызметі: Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде ассистент (1996-1997); 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бас маманы, бөлім бастығы, кеңесшісі (1999-2001); 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (2001-2003); 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (2003-2005); 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (2005-2008); 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (01.2008 – 10.2008); 

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы (2008-2012); 

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы (2012-2013); 

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2013-2015); 

Шымкент қаласының әкімі (2015-2017); 

«Нұр Отан» партиясының хатшысы (2017-2018); 

Шымкент қаласының әкімі (2018-2019). 

2019 жылғы қыркүйектен бастап 2021 жылғы 21 қаңтарға дейін Премьер-Министрінің кеңесшісі лауазымын атқарды. 

«Құрмет» орденімен (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медалімен марапатталған.

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтінімдер қабылдау басталды
Білім саласына енгізілетін өзгерістер жайы талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу