«Мен сенбеймін»: Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтың қарындасы туралы пікір білдірді

Oinet.kz 26-01-2021

Желіде өзін мемлекет және қоғам қайраткері, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің қарындасы деп таныстырып, Жүнісовадан көмек сұраған отбасының видосы тарады. Sputnik Қазақстан тілшісі әнші Мақпал Жүнісоваға хабарласып, осы жайында ойын сұрады.

Screenshot_9.jpg

Әншінің айтуынша, қарындасы бар екені туралы алғаш рет естіп отыр. Ал Заманбек Нұрқаділов "Не только о себе" деген кітабында шешеден екеу екенін жазған.

"Қайдан табылған қарындас екенін мен білмеймін. Зәкең екеуміз Шонжыда талай рет болдық. Сол жерде қарындасы болса, Зәкең соның үйіне кіретін еді ғой. Қызық, бұл қайдан шыққан ақпарат?", - деді Жүнісова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Ол сондай-ақ Нұрқаділовтің "артымда бауырларым қалып бара жатыр" деп аманат қалдырмағанын, сол себепті мұны қазбаламайтынын айтты.

"Бұл рас па, өтірік пе, оны қазбаламаймын. Зәкеңнің бүгіп кеткен құпиясын қазбалауға құқығым жоқ. Маған дейін 25 жыл басқа кісімен тұрды. Сол кісі білетін шығар. Маған неге айтпағанын білмеймін ғой. Сондықтан бұл жерде тексеретін нәрсе көп. Зәкең тірі болса биыл 77 жасқа толар еді. Ол кісінің айтуынша, бір жасқа келгенде әкесі соғысқа кетіп, оралмаған. Ал видеодағы кісі 71-ге келеді екен. Сонда ол қалай қарындасы болады, соны түсінбей отырмын. Мен сенбеймін. Оны зерттеу керек", - дейді әнші.

Ол сондай-ақ, Заманбек Нұрқаділов дүниеден өткенде "қарындасының" көңіл айтып келмегенін, үйінде суреті де жоқ екенін айтты.

"Зәкең қайтыс болған кезде қайда қалыпты?! Көңіл айтқан да жоқ қой. "Қарындасымын" деп еңіреп неге келмеді сол кезде? Ештеңе білмеймін. Зәкеңнің жатқан жері жайлы болсын. Мүмкін өз құпиясы болған шығар, оны айтпағаннан кейін мен оны қайдан білемін", - дейді әнші Жүнісова.

Толығырақ Sputnik.kz сайтынан оқи аласыздар.

Имашев: Вакцинацияға мәжбүрлесе елді үгіттеп, көшеге шығып, қару алып соғысамын
Шымкентте «Домалақ ана» операсы қойылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×