Бекшин ағай сияқты болмасаңдар «жұлдызбын» демей-ақ қойыңдар

Oinet.kz 04-02-2021 779

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің "Спутник-V" вакцинасын салдыру барысында түскен суреті желіде тарай бастады. Бұл сурет Алмас Тоқабаев есімді Facebook қолданушысының парақшасында жарияланды.

Бекшин.jpg

Ал, сол күні Бекшиннің жанында БАҚ өкілдерінің қарасы тым көп болды. Бүгінде, бұл сурет желі қолданушыларының арасында танымал бола бастады.

- Вакцина салдырған Бекшин ағай сияқты болмасаңдар өздеріңді "жұлдызбын" демей-ақ қойыңдар - дейді желі қолданушысы. 

Еске сала кетейік, бірінші ақпан күні Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "Спутник-V" вакцинасын салдыртқан болатын. Әуелі белгіленген ереже бойынша Бекшин дәрігердің тексеруінен өтті. Дене қызуын, қан қысымын өлшетіп, онкологиялық ауруларының бар-жоғы туралы ақпарат берді.

Бүгін Әбділда Тәжібаевтың туған күні
Макс Боқаев бостандыққа шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу