Pfizer вакцинасының екі дозасы омикронға қарсы 70 пайызға тиімді - ғалымдар

Oinet.kz 15-12-2021

Зерттеу нәтижелері Pfizer/BioNTech вакцинасының екі дозасы омикрон штамының ауыр жағдайларына қарсы 70 пайызға тиімді екенін көрсетті, деп хабарлайды РИА Новости сайты.

image.png

- "Pfizer/BioNTech препаратының екі дозасы ауруханаға жатқызуды қажет ететін COVID-19-дың ауыр дәрежесінен 70 пайыз қорғайды, сондай-ақ, омикрон штамын жұқтырудан 33 пайыз қорғай алады", - делінген Оңтүстік Африканың Discovery Health медициналық сақтандыру компаниясы ғалымдарының зерттеуінде.

Ғалымдар бұл көрсеткіш барлық жас тобы үшін бірдей екенін айтты.

Бұған дейін Оңтүстік Африка ғалымдары омикрон штамына қарсы Pfizer вакцинасының екі дозасы 22,5 пайыз тиімді екенін мәлімдеген еді.


Арман Әшімов қарсыласын бір соққымен нокаутқа түсірді
​Түркістан: Мираста «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаты мен бірқатар өзекті тақырыптар талқыланды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×