Бүгін Ермұхан Бекмаханұлының туған күні

Oinet.kz 15-02-2021 845

Осыдан 106 жыл бұрын (1915-1966) қазақ тарихшысы, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов дүниеге келді. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. 

Ермұхан Бекмаханұлы.jpg

Воронеж педагогикалық институтын бітірген. Ол XVIII-ХІХ ғасырларда Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық және саяси даму проблемаларына, сондай-ақ Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесіне, қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихына үлкен назар аударған. Е. Бекмаханов 1946 жылы «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» деген докторлық диссертациясын қорғайды. Кенесары Қасымұлының көтерілісіне «ұлт-азаттық қозғалыс» деген сипат бергені үшін «ұлтшыл» деп айып тағылып, 1952 жылы 25 жылға бас бостандығынан айырылған. И. Сталиннің өлімінен кейін 1954 жылы ақталып шықты.

Бүгін Шәкен Аймановтың туған күні
Тоқаевтың жас кезіндегі фотосы қазақстандықтарды сүйсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу