Африка халқына Эбола індеті қауіп төндіріп тұр

Oinet.kz 17-02-2021 609

Африкаға қазіргі таңда коронавирус қана емес, Эбола індеті де қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

1005x635.jpg

Инфекция Африка құрлығындағы 6 елден табылған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі мәлімдеді. Осыдан 3 күн бұрын Гвинеяда туысының жерлеу рәсіміне қатысқан бір отбасының барлық мүшесі эболаны жұқтырғаны анықталған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл тергеу амалдарын қолға алған. 

 - Гвинеяда Эболаны 7 адамның жұқтырған, 3 науқас көз жұмды. Жұқтырғандармен байланыста болған 115 адамды анықтадық. Сондай-ақ Конгоның шығысында 4 адам эбола жұқтырды. Өкінішке қарай, 2 науқас қайтыс болған. Осыған байланысты бұл елде жаппай вакциналау науқаны басталды. Індетке қарсы вакцинаның 1200 дозасы өткен аптада жеткізілген болатын. Екпе шаралары бірінші кезекте Эбола таралған 4 ауданда жүргізілмек. Ауруға шалдыққандармен қарым-қатынас жасаған 300-ге жуық тұрғын қазір оқшауланып жатыр, дейді  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Маргарет Харрис.


Елбасы Нұртілеу Иманғалиұлының отбасына көңіл айтты
Желіде Шөмішбай Сариев пен Нұртілеу Иманғалиұлының бірге түскен суреті жарияланды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу