Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

Oinet.kz 19-02-2021 997

1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 20,6 триллион теңгені құрады. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

қарыз теңге.jpg

- 2021 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қарыз 20,6 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 29,6%-ін құрады. Бұл белгіленген 50% лимиттен аспайды. Мемлекеттік қарыз құрылымында 80%-і – үкіметтік берешек, 16,7 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 23,9%-і (лимит 25%), – деді Жамаубаев қаржы министрлігінің алқа отырысында. 

Айтуынша, былтыр республикалық бюджет тапшылығы 2,2 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 3,1% құрады. Бұған дейін тартылған борыштарды өтеу қажеттілігін ескеріп, өткен жылы 3 триллион теңге қарыз алынған. Оның ішінде ішкі нарықта 2,8 триллион теңге тартылды. Сондай-ақ, министр төмен валюталық тәуекелдерді, тартымды ставка мен ішкі нарықтың шектеулі ресурстарын ескеріп, 223 миллиард теңгеге рубль облигациялары шығарылғанын атап өтті. 

Американың Perseverance марсоходы Марсқа қонды
Қазақстанда шегірткемен күреске бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу