Бүгін қазақтың Төлегені Құман Тастанбековтың туған күні

Oinet.kz 10-03-2021 2593

Осыдан 76 жыл бұрын (1945-2017) актер, Қазақстан Республикасының халық әртісі Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков дүниеге келді. Алматы облысында туған. 

Төлеген.jpg

Алматы мемлекеттік өнер институтын (Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) бітірген. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 

Оның алғаш ойнаған рөлі – «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген. Бұдан кейін «Махамбет», «Ағам менің», «Ерекше күн», «Аққулар ұшып келеді», «Махаббат жаңғырығы», «Ағама арналған қалыңдық», «Қараша қаздар қайтқанда», «Провинциялық хикая», «Алаң шеті», «Өрнек» фильмдеріне түсті. Театр сахнасында Қасым, Құлбек (Ш. Айтматов «Ана – Жер-ана» мен «Ақ кемесі»), Әлібек, Нарша, Абыз, (М. Әуезов «Айман – Шолпан», «Қарагөз», «Еңлік – Кебек»), Тәңірберген (Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер»), Жан (О. Бөкеев «Құлыным менің»), Айдар (М. Әуезов пен Л. Соболев «Абай»), Маздақ (М. Шаханов «Сенім патшалығы»), Орест (Л. Дюрко «Электра, сүйіктім менің»), Флоридор (Ф.Эрве «Түлкі Бикеш»), Фархад (Назым Хикмет «Фархад – Шырын») секілді әр алуан рөлдерді орындап, қызғылықты мінез-кейіптер жасады. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Қазақстанға Парижден алынған асыл тұқымды жылқылар жетті (фото)
Путин туралы фильм түсіргендер Мирзияевке кірісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу