Әкім көпбалалы ананы алдап, жалған ақша ұстатқан

Oinet.kz 16-03-2021 985

Ақтөбеде көпбалалы анаға сертификат табыстаған облыс әкімінің басы дауға қалды. Айсұлу Күздібаеваға Алғыс айту күні Оңдасын Оразалин ел алдында екі миллион теңге деп жазылған қағаз ұстатады. Ал онысының көк тиын құны болмай шықты, деп хабарлайды КТК.

Атырау әкім.jpg

Шенеуніктер еріктілердің еңбегін өзі еншілемек болған. Әкімдіктегілер қайырымды жандардың бұған дейін көрсеткен көмегін сертификатқа жазып бергенін мойындап отыр. Анау-мынау емес, өңір басшысының өзі 2 миллионның сертификатын салтанатты түрде табыстағанда ақтөбелік Айсұлу Күздібаеваның қуанышында шек болмапты. Кейін Оңдасын Оразалиннің ұстатқаны құны жоқ құр қағаз екенін білгенде салы суға кеткен. Қазір ол сертификат кішкентайларының ойыншығына айналды. Бұлай жұрт алында кәдеге жарамайтын сертификатты берудің не қажеті бар еді дейді көпбалалы ана.

- Екі миллионның үстіне шамалы ақша қосып үй аламын деп ойладым. Берген кезде қуандым, өтірік айтпайын. Көршілерім құтты болсын айтып келді. Екі миллион алыпсың деді. Бұл құр қағаз болып шықты. Маған бұл ақша берілген жоқ, - дейді көпбалалы ана Айсұлу Күздібаева.

Жатақхананың аядай бөлмесінде бес баласымен тұратын Айсұлу жыл басында әлеуметтік желі арқылы елден көмек сұраған. Сол кезде еріктілер керек-жарағын алып беріп, бөлмесіне жөндеу жүргізіпті. Ал әкімдік тарапынан ешқандай қолдау болмаған.

- Ол отбасының тұрмыстық жағдайы қиын екен. Жастар болып өзіміз жөндеу жұмысына ақша жинадық. Еденінен бастап, төбесі мен қабырғасына дейін жаңалап бердік. Қосымша керекті жиһаз бен теледидар алып бердік, - дейді ерікті Шахретдин Азимов.

Оқи отырыңыз: Даниал Ахметов шкафтың есігін ашып жатқан кезде күтпеген жағдай болды – видео

Еріктілердің еңбегін еншілеп, жомарт жандар жинап берген қаржыны сертификатқа 2 миллион деп жазып бергендерін шенеуніктер де мойындайды. Бірақ көк тиын құны жоқ бір жапырақ қағазды көпбалалы анаға салтанатты түрде тапсыруға не түрткі болғанын түсіндіріп бере алмай отыр.

- Осы игі істі басқаларға үлгі ету мақсатында жастардың атынан сертификат тапсырып, оларға алғысымызды білдіргіміз келді. Онда Айсұлу ханымға жұмсалған қаржыны көрсеттік, - дейді Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева.

Бес баланың анасы Айсұлу Күздібаеваның атында баспана жоқ. Тұрып жатқан жатақханадағы бөлмесін туыстары берген. Жолдасы қыстауға қатынап қой бағады. Ал әкімдіктегілер осы даудан соң қандай да бір көмек беру туралы жақ ашпай отыр. Ең болмағанда кешірім сұрап баратынын да айтпады.

Соңғы тәулікте 954 адамнан коронавирус анықталды
«Сәуірде бір тәулікте 1700 адам коронавирус жұқтыруы мүмкін» – Цой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу