​Түркістандық депутат наурыз мерекесіне орай 112 отбасына азық-түлік таратты

Oinet.kz 19-03-2021 1171

Түркістан облысы,  Сайрам ауданында Наурыз мерекесі игілікті істермен өрнектеліп жатыр.  Наурыздың 18‐і "Игі істер күні" деп аталып, бұл күні әр адам өзінің мүмкіндігіне қарай жақсылық жасады. Солардың бірі — "Nur Otan" фракциясының мүшесі Динара Егамбердиева.

image.png

Облыстық мәслихат депутаты Динара Егамбердиева  "Қамқорлық" бағдарламасы аясында Сайрам ауданындағы 112 отбасына азық-түлік жиынтығын тарту етті.

Бұл 112 отбасы көмекке мұқтаж болғанымен, мемлекеттен ешқандай төлем алуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан "Бақытты отбасы" жобасы, "Қамқорлық" бағдарламасы аясында тұрақты қолдау көріп келеді. 

image.png

Жас депутаттың игі іс-шарасына аудан әкімі,  "Nur Оtan"  партиясының Сайрам ауданындық филиалының төрағасы Ұ.Садібеков және партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әбдіқадыров, аудан әкімінің бірінші орынбасары А.Өсербаев,  аудандық мәслихатының хатшысы, депутат Ш.Халмурадов қатысып, қолдау білдірді.

Биыл депутаттық мандатқа ие болған Динара Егамбердиева бұған дейін  де ондаған отбасына көмек көрсеткен болатын.  "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындауға үлес қосып жүрген депутат тұрақты түрде қоғамдық қабылдау өткізіп,  өзекті мәселелерді шешуге атсалысып келеді.  

"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының  баспасөз қызметі

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Түлкібас: Күш атасы Қажымұқанның өмір жолынан сахналық қойылым қойылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу