«Адам органын сататын «Қара базарды» анықтау керек» - белгілі заңгер

Oinet.kz 30-03-2021 2057

Қоғам белсендісі, құқық қорғаушы, заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасына Аяжан Еділованы өлтірген қатігезге қатысты пікір білдірді.

Айгүл Орынбек.jpg

- Адам органын сататын “Қара базарды” анықтау керек! Адамның рұқсатынсыз органын алуға болатыны жайлы заң шығып жатқанда барынша шырылдап едім, ешкім тыңдамады! Бұл заң бізде былтыр ғана шықты. Аяжанның өлімі бұл бүкіл халыққа ДАБЫЛ болу керек! Дені сау қызды шақырып алып, бөлшектеп тастағанды жігітті тек ауытқуы бар деп көрсете салуы әбден мүмкін, бірақ мен сенбеймін! Ол дәрігер мамандығын оқыған, маман! Бұл жігіт бір мүдделі топқа жұмыс жасауы әбден мүмкін. Адам органдары тікелей сатылмасада, қара базар арқылы сатылады. Мен мұндай тұжырымға қайдан келдім, қыздың ағасының сұқбатын қайта -қайта көріп шықтым. “Ол жерде басқа адамның денесі болды, нақты қайсы екенін анықтай алмай жатыр”,деп айтты! Яғни бұл жігіт бұдан бөлек қанша адамды сойып, бөлшектеп, керек органдарын алып, басын қайнатып жүруі әбден мүмкін ғой, дұрыс па? Полиция соңғы кездерде еш хабарсыз жоғалып табылмағандарға да назар аудару керек! Бұл ешқандай адам жегіш емес, бұл адам органын сататын мүдделі топтың бір мүшесі ғана деп ойлаймын! Полиция мен ҰҚК бірігіп жұмыс жасап адам органын сататын үлкен топты құрықтау керек! Қара базарда, интернетте бір бүйректің бағасы 80000 доллар тұрады деп ашық жазылып жатқан заманда, адамды ұрлап әкетіп бөлшектей салады. Біз адам органынын рұқсатсыз алуға болады деген заңды қайта қарауымыз керек!" деген жазбасын қалдырыпты - деп жазды ол. 

«Халықты вакциналау сәуір айының ортасынан басталады» - Көлгінов
Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктінің ата-анасы мұғалім болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу