Айзаданы ұрлаған адам өлер алдында аудиохабарлама қалдырған

Oinet.kz 09-04-2021 882

Бішкек тұрғыны 26 жастағы Айзада Қанатбекованың өліміне күдікті Замирбек Теңізбаев өлер алдында туыстарына аудиохабарлама жіберген. Жазба әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлайды "Вечерний Бишкек" басылымдары.

кыр.jpg

Аудиохабарламада ер адам туыстарымен қоштасады.

- Оны өте қатты жақсы көремін және онсыз өмір сүре алмаймын. Қанша өтінсем де ол менімен тұрғысы келмейді. "Бір ай күт" деді, күттім. Содан кейін тағы бір ай. Бірақ қазір бәрі бітті. Енді сенбеймін, - дейді ол.

Аудио "ұрлау" әрекеті болғаннан кейін 5 сәуірде жазылуы мүмкін. Замирбек хабарламаны ағасы мен анасына жіберген. Аудиохабарламада Айзаданың дауысы да естіледі.

- Сенен күте тұруды өтіндім ғой, - дейді ол. 

Сонымен қатар, Замирбек соңғы күндері қарым-қатынастары қиындап кеткенін мойындаған. Ер адам бірнеше рет кешірім сұрайды.

- Ұлыңыздың осындай болғаны үшін кешіріңізші, - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Криминал в Кыргызстане (@svodka.akipress)

NASA алғаш рет Марстағы ауа райын жариялады
Шымкент: Су тасқыны жағдайы тұрақты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу