Бас санитар дәрігер карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді (фото)

Oinet.kz 13-04-2021 785

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді.

карантин қаулы.jpg

Құжатта ПТР-сынмасы теріс нәтиже көрсеткен анықтамасы жоқ жолаушылар ұшақ бортына жіберілмейтіні көрсетілген. Бұл шетелден Қазақстанға ұшып келетін рейстерге қатысты.

Бұған дейін қаулыда анықтама қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде шетел азаматтарында болу керегі айтылған еді. Енді ереже барлық жолаушыға қатысты. Анықтама 3 күнге жарамды.

Анықтамасы жоқ қазақстандықтарды COVID-19-ға тексеру үшін екі тәулікке оқшауға алады деген талап алып тасталды.

image.png

Сондай-ақ, қаулыда:

"Карантин шараларын қатаңдату туралы шешімді облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитария дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылдайтыны көрсетілген.

Карантин шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігері қабылдайды".

Толық құжатты мына жерден жүктеп ала аласыз.

Шымкентте 5 жасар қызды автобус басып кетті (видео)
Бас мүфти үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу