«Диссертациялар қазақ тілінде де қолжетімді болуы керек» - Асхат Аймағамбетов

Oinet.kz 21-04-2021 810

ҚР Білім және ғылым министрлігі арнайы өткен онлайн-конференцияда ғылыми жұмыстарды – диссертацияны қорғау бойынша биыл енгізілген өзгерістер жайлы айтылды. Сондай өзгерістердің бірі – қорғауға жіберілген диссертациялардың енді қазақ тіліндегі нұсқасы да болу керек деген талап.

Асхат Аймағамбетов.jpg

- Диссертациялық кеңес жұмысындағы жаңа мүмкіндіктер туралы айтсақ, тағы да бір маңызды өзгеріс бар. Енді диссертациялар қазақ тілінде де қолжетімді болуы керек. Бұл — диссертация талаптарының бірі. Бізде диссертациялар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жазылады. Бұдан былай орыс және ағылшын тілінде қорғалған диссертациялардың қазақ тілінде жазылған нұсқасы да болуы тиіс. Оны диссертациялық кеңестер жұмыс істеп жатқан тиісті ұйымдар қамтамасыз етуі қажет. Өйткені бізге қазақ тілінде жазылған жаңа білімнің, жаңа диссертациялардың қолжетімді болғаны өте маңызды. Сондықтан осы маңызды шешімді қабылдадық, — деп түсіндірді білім министрі Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, сөз барысында министр диссертациялық кеңес жұмысында биыл өзгеріс көп екенін әрі бұған ғылыми қауымның бейімделуі тиіс екенін де жеткізді.

Головкин DAZN рейтингінде үздіктер қатарынан көрінді
Желіде Елжан Біртановтың адам танымастай өзгерген суреті жарияланды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу