Орысша сөйлейтін қазақтардың екі аяғын бір етікке тыққан қазақ

Oinet.kz 29-06-2022 4880

Жұмысқа асығып кетіп бара жатып жол-жөнекей Әл-фараби-Асқаровтағы Helios-қа 5-10 минутқа кіріп картамды толықтырып алайын деп абонент бөліміне барғам ғой. 

Screenshot_1.jpg

Карта тексеретін менеджерлердің барлығы қараорыстар екен. Қазақ, бірақ орысша сөйлейтіндер. Менің қазақшамды түсініп отыр, бірақ тіл жоқ (әлде намыс жоқ). “Сіздің картаңыз ескірген анау есікке барып жаңадан келісім-шарт жасап келіңіз” деп жіберді. 

Кірсем Айгерім деген менеджер менің қазақшама орысша жауап берді. Қазақша сөйлемейсіз бе десем сөйлей аламын, бірақ қазақшам онша емес дейді. Өй, ұялмай сөйлей бер, біз Қазақстанда тұрамыз деп едім намысы бар келіншек екен менімен қазақша сөйлесе бастады. 

Қазақшасы жаман емес. Сөйтіп маған екі бума қағаз берді оқып, қолыңызды қойыңыз деп. Қарасам орысша жазылған келісім-шарт. Мен шарт кеттім. 

Бұл не сұмдық, мен түсінбеймін, қазақшасы қайда деп. Айгерім қасындағылардан сұрастырып жүріп мен сияқты жеке адамға емес, кәсіпкерлерге арналған қазақ тілдегі мәтінін тауп алды.

Соны отырып алып аудара бастады. Шамасы кәсіпкер деген сөздерді жеке адам деп өзгертіп шықса керек. Оншақты беттен тұратын құжатты ұзақ өзгерте бастады. Қазақшасын жасап берсін деп қырсығып мен отырмын. Жұмыс жайына қалды. 

Оны аударып бітіп қол қойғызып алды. Енді тағы екі түрлі арызға қол қоюым керек екен. Олардың мүлдем қазақша нұсқасы жоқ екен.  Маған беріңізші деп арыздарды өзім аударуға кірістім. Студент кезде бес жыл бойы оқулықтарды қазақшалап үйреніп қалған тәжірибем бар. Аударып бердім. Айгерім риза болды. Сөйтіп, Helios-та бір сағаттай отырып жеке адамдарға арналған келісім-шарт, арыздарды қазақшалап кеттім. Менен кейін келетін намысы бар қазақтарға дайын тұратын болды. 

Ақан Жаханұлы

Ер адам көшеде ойнап жүрген баланы алдап үйіне кіргізіп, зорлаған
Қатын кесапатының салдарынан бүкіл отбасының болашағына балта шабылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу