Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы тағайындалды
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған Серік Сәпиевтің орнына уақытша басшы тағайындалды.

Енді Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын уақытша Қарағанды қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт секторының меңгерушісі Берік Досымбеков басқарады.
Бұған дейін аталған қызметті Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев атқарған. Алайда ол өз орынбасары самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімхановпен болған даудан кейін қызметінен кеткен еді.
Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, кеңінен талқыланды. Кейіннен қос лауазымды тұлғаның да өз еркімен қызметтен кеткені белгілі болды.


