Қазақстанда мектеп дәлізінде балта ұстап жүгірген оқушы екі сыныптасын жаралады

Oinet.kz 06-02-2026

Әлеуметтік желіде Құлсарыдағы Пушкин атындағы №6 мектепте оқушының балта алып жүгірген видеосы тарады. 

Screenshot_3.jpg

Видеодан бір оқушының балта ұстап мектеп дәлізінде басқа оқушының соңынан қуып жүгіргенін көруге болады. Қорыққан оқушы бір сыныптың ішіне кіріп, жасырынған.

Әлеуметтік желідегі жазбада балта ала жүгірген оқушының 10-сынып оқушысы екені айтылған. Атырау облысының полиция департаменті болған жайтты растап, 15 жастағы оқушы екі сыныптасын жаралағанын мәлімдеді.

“5 ақпанда 10-сынып оқушысы сыныптастарымен жанжалдасып, оларға шабуыл жасаған. Екі оқушы жеңіл жарақат алған. 15 жастағы күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды және ішкі істер органдарының есебінде тұр”, – деп мәлімдеді полиция.

Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалып, жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Материалдар процестік шешім қабылдау үшін білім бөліміне және кәмелетке толмағандар істері комиссиясына жіберілді”, – делінген полиция хабарламасында.

2026 жылғы Конституциялық реформа: Цифрлық дәуірдегі азаматтардың құқықтарын қорғау
Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу