Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Oinet.kz 08-02-2026

10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді. 

Screenshot_36.jpg

“Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады”, – делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пәкістандық The News International газетіне берген сұхбатында Гренландияны әскери жолмен басып алу мәселесіне халықаралық құқық пен прагматикалық шешімдер тұрғысынан қарау қажет екенін айтқан еді. 

Президенттің айтуынша, ықтимал нұсқалардың бірі АҚШ пен Дания арасында Гренландия аумағын 120 жыл мерзімге жалға алу туралы келісім жасалуы мүмкін.

"Осы кезде Гренландия заңды түрде Данияның құрамында қала береді, яғни оның егемендігі бұзылмайды. Ал келісімнің практикалық қырлары ортақ стратегиялық мүдделерге сай болар еді. Диалог, жауапты саясат және халықаралық құқықты құрметтеу негізінде тараптар ақырында прагматикалық әрі өзара қабылданатын шешімге келеді деп шын жүректен үміттенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ресей алдағы айларда Қазақстандағы сайттарды бұғаттау құқығына ие болмақ
Абай облысында бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу