Лукашенко Қазақстандағы Ата заң реформасына көмек ұсынды

Oinet.kz 06-02-2026

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск қаласында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен кездесті. Жүздесу барысында Лукашенко  Қазақстанда жаңа Конституция әзірлеу және қолданыстағы Ата заңды жаңғырту үдерісіне көмек көрсетуге дайын екенін айтты. 

image.png

Беларусь басшысы бұл бағытта өз елінде тәжірибелі заңгерлер мен практик-мамандар жеткілікті екенін атап өтті. Оның айтуынша, Беларусь тарапы қажет болған жағдайда конституциялық реформалар бойынша тәжірибесімен бөлісуге әзір.

"Сіздер Конституцияны жаңғыртуға кірістіңіздер. Егер біз осы үдерісте пайдалы бола алсақ, әрдайым көмектесуге әзірміз. Заңгерлер мәтінді жазады, ал тәжірибелі практиктер нақты бағыт-бағдар береді", – деді Александр Лукашенко.

Сонымен қатар ол посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттердің егемендігі мен тәуелсіздігін сақтаудың маңызын ерекше атап өтті. Беларусь пен Қазақстанның халықаралық мәселелерге қатысты көзқарастары ұқсас екенін жеткізді.

«Біздің ұстанымдарымызда айырмашылық жоқ. Біз әлемнің дамуын бірдей қабылдаймыз және көпполярлы әлемді қолдаймыз. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін құрылған барлық елдер егемен әрі тәуелсіз болуы тиіс. Бұл – ортақ көзқарасымыз», – деді Беларусь президенті.

Тоқаев Гренландияны жалға беруді ұсынды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу