Дулыға Ақмолда "Сержан братанда" не үшін былапыт сөздер көп екенін түсіндірді

Oinet.kz 23-04-2021 1120

Бүгінде Ютубта "Сержан братан" сериалы көрермендердің ыстық ықыласына бөленуде. Сериалды көрушілер саны 1 миллионнан асқан. Көпшілік аталған бейнеөнімді жоғары бағалап, келесі сериясын асыға күтеді. 

Дулыға Ақмолда.jpg

Сериалда басты рөлде ойнаған Дулыға Ақмолда "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында сериалға қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, сериал сценарий бірден ұнап, түсуге келісім берген:

– Бұл сериал ең алдымен 1990 жыл­дардағы оқиғаны көрсетуімен, менің жігіттік шағыммен тұспа-тұс ке­луімен қызықтырды.1990 жылдар – өмірімнің ең қимас, қымбат кезеңі. Бұл сериал сол кезеңнің әр сәтін еске салады.  Сериалда тоқ­саныншы жылдардағы жігіттердің бо­йын­дағы кісілік қасиеттер, мәрттік, екі сөйлемейтіні, сөзінде тұруы, досқа, өзіне адалдығы айтыла келіп, оқиға кенет 2020 жыл­дарға ойысып кетеді. Бүгінгі жігіт­тер басқа. Өзгерген. Бір кез­­дегі «бірге-бір» шығатын ба­тылдық, бір жұдырықтасып алып, айырылмас­тай жолдас болып кете­тін ақеділ мінез бүгінде ауызбен шарпысатын әйелдердің шайпаулығына дейін төмендеген. Жігіттің бойындағы нар мінез қай­да, ірі мінез неге сонша ұсақ­талды? Жігіттердің осы әлсіздігі әлемнің астын үстіне кел­тіретін «мықты» әйелдердің пайда болуына әкелген жоқ па? Мынау жайлап бара жатқан жұмыссыздық, адам бір күнде мүгедекке айналса, айналасының әп-сәтте сырт айналып сала беретіні, бір сөзбен айтқанда, қоғамның қаталдығы алдындағы адамның әлсіздігі кейде әзілмен, кейде ащы мысқылмен қатар өріліп отырып көрсетіледі, - дейді Дулыға Ақмолда.

Сонмен қатар, актер сериалдағы былапыт сөздердің не үшін көптігі екенін түсіндіріп өтті. 

- Дулығаның сериалға түскені түк те емес, көрермен керісінше, сол се­риалдағы шындықты көрсін, пәк болып жаралғандағы адал қасиеттерден қалай ажырап бара жат­қанын сезінсін, құлдырап бара жатқан қоғамдағы құндылықтарды биіктетуге, өзін өз­гертуге ұм­тыл­­сын. Басты мақсат – осы болған­дықтан, режиссер сериалды барынша жеңіл стильде түсіруді мұрат тұтты. Көруге қолайлы. Қо­рытуға жеңіл. «Сер­жан братанға» қойылып жатқан кінә, әрине, бы­лапыт, балағат сөздің көптігі. Режиссермен келісе отырып, мен оларды мейлінше қысқартуға, аз қолдануға тырыстым. Бұл жаргондар о баста орыс тілінде пайда болған. Ал 1990 жылдың рэкеттері сөйлеген осы «тілді» «оңбаған», «ұятсыз» деген сөзбен алмастырып айт­саң, ол тек күлкі ғана тудырады. Оны жасырып, жалғандықпен айырбастасаң, шындықтың жүзіне кіреуке түскелі тұр. Шындық қа­шан да ащы, ол таза, табиғи түрде айтылуымен – шындық. Оны тек қабылдайсыз, болды. Өнердің міндеті, адамға өзі туралы шындықты айтып беру болса, Сержан оны бүркемелемей, боямасыз көрсетеді, - дейді актер.

«Ұлы даланың жеті қыры» көрмесі ашылды
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы өткізген тойда түрлі-түсті қамыр берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу