Цой тікелей эфирде QazVac вакцинасын салғызды (видео)

Oinet.kz 26-04-2021 1752

Коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын алғашқы болып Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алды.

Алексей Цой.jpg

26 сәуірде қазақстандық QazVac вакцинасын егу басталды. Алғашқылардың бірі болып бұл вакцинаны Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алды.

Екпеден кейін министр 30 минут бақылауда болды. Цой енді екінші дозасын 21 күннен кейін, 16 мамырда алады.

QazVac вакцинасы "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" базасында өндірілген. Отандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы өңірлерге жөнелтілді.

Нұр-Сұлтанға отандық вакцина келіп түсті
Цой Біртановты министрлікке қызметке ала ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу